Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызылордада су торабының 5 жыл бұрын тоқтаған құрылысы енді бітті

Экономика
Қызылордада су торабының 5 жыл бұрын тоқтаған құрылысы енді бітті

Қызылордада құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған су торабын жаңғырту жобасы аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәлімдеуінше, нысан 2022 жылы қолданысқа берілуі керек еді. Алайда, пандемия мен қаржылық қиындықтарға байланысты құрылыс жұмыстары тоқтап қалған. 

Министрлік құрылғаннан кейін Қызылорда су торабының құрылысы қайта жанданды. Нысанның сапалы жұмысын қамтамасыз ету мақсатында гидравликалық тораптың бұзылған бөлшектері қайта жөнделіп, басқа да ақаулары дұрысталды, деп жазды министрлік.

Айта кету керек, су торабы Сырдария өзенінің сол және оң жағалауындағы 120 мың гектарға жуық жерді суаруға және шамамен 2 млн гектарға жуық шөлді аймақты ылғалдандыруға арналған.

Фото: Су және ирригация министрлігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу