freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызылордада заманауи сауда-ойын-сауық орталығы салынады

Қоғам
Қызылордада заманауи сауда-ойын-сауық орталығы салынады
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қызылорда қаласында жеке инвестор арқылы жаңа заманауи сауда-ойын-сауық орталығын салу жобасы қолға алынуда, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев «Казстройподряд» ЖШС құрылтайшысы, «TUKİB» түрік-қазақ кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Аталай Хикметпен кездесіп, инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Жоба аясында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған заманауи сауда, демалыс және ойын-сауық кеңістігі бой көтермек.

Облыс әкімдігі жер телімін бөлу, инженерлік инфрақұрылым тарту және қажетті келісу рәсімдеріне қолдау көрсетуге дайын.

Кездесу барысында компанияға қаланың сол жағалауы немесе Президент саябағы аумағынан жер телімі ұсынылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу