Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызылордалық уәкілетті органдар жеке мүліктерді заңсыз шектеген

Құқық
Қызылордалық уәкілетті органдар жеке мүліктерді заңсыз шектеген

Қызылорда қаласының прокуратурасы 34 азаматтың меншік құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Прокуратура мәліметінше, жылжымайтын мүліктерді мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару кезінде заңдық талаптары сақталуы тиіс. Атап айтқанда, үшінші тұлғалардың даулауы немесе олардың мүддесінің бар екенін растайтын заңды деректерінің болуы қажет («Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңның 64-бабы 5-тармағы).

Дегенмен, уәкілетті органдар жылжымайтын мүліктерге шектеулер қойып (мүлікке иелік ету, пайдалану және билік етуге тыйым салу), азаматтардың жеке меншігіне билік ету құқықтарын заңсыз шектеген.

Қадағалау актісінің қаралуы нәтижесінде азаматтардың мүліктеріне негізсіз қойылған шектеулер жойылып, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылған.

Фото: Қызылорда облыстық прокуратурасы

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу