Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ректордың орнын саудалаған азамат құтылып кетті

Құқық
Ректордың орнын саудалаған азамат құтылып кетті

IMAGE: ©tengrinews.kz

Алматыда ЖШС директоры аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша кінәлі деп танылды. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлайды.

Алматының Әуезов аудандық сотының материалдары бойынша, айыпталушы 2015 жылы жәбірленушіден 200 мың доллар алған. Ол, сол кездегі Білім министрлігімен байланысы барын айтып, жәбірленушіні - Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне ректор қылып орналастыруға көмектесе аламын деген. Ақшаны алған соң өзінің керегіне жаратып, уәдесінде тұрмаған.

Әуезов аудандық соты айыпталушыны кінәлі деп тапты. Бірақ, қылмыс жасалғаннан бері 10 жыл өткендіктен, қылмыстық жазадан босатты. Ол жәбірленушіге 37 млн 700 мың теңге қайтарып, 370 мың 700 теңге көлемінде баж салығын төлеуі тиіс.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу