Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресей биілігі халқын жеңіліске дайындап жатыр ма?

Әлем
Ресей биілігі халқын жеңіліске дайындап жатыр ма?

IMAGE: 24tv.ua

Ресей басып алған Запорожье облысынан сенатор, "Роскосмос" ғарыш компаниясының бұрынғы басшысы Дмитрий Рогозин сұхбат берген деп хабарлайды dailog.ua басылымы.

Сұхбат кезінде Рогозин майданның тығырыққа тірелгенін айтқан. Украинаға қатысты жоспардың ешқайсы жүзеге аспайтыны анық болды деген.

Ресей басып алған Запорожье облысынан сенатор, "Роскосмос" ғарыш компаниясының бұрынғы басшысы Дмитрий Ргозин сұхбат берген деп хабарлайды dailog.ua басылымы.
Дмитрий Рогозин. IMAGE: dialog.ua

Оның айтуынша, шабуылдың дәстүрлі әдістері қазір тимсіз. Украина жағының дрондары, қуатты мина тосқауылдары мен Ресейге пара-пар жарақтануы үлкен жасақтардың қозғалысына қауіпті және шабуылды толықтай мағынасыз деуге болады.

Ресейшіл комментаторлар Рогозиннің бұл сұхбатын сан-саққа жүгіртіп отыр. Біраз әскери блогер, шолушы мен сарапшының айтуынша, Кремльге етене жақын адамның осылай сөйлеуінде үлкен мән бар. Себебі Ресей билігіне жақын адамдардың айтар ойы әбден сүзгіден өткізіледі. Ал, Кремльге жақын адамның әрі сенатордың атынан мұндай көңілсіз болжамның шығуы - халықты жеңіліске дайындаудың басы дейді Ресейдің билікмаңы сарапшылары.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу