Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресей туын көтеруге тыйым салынды

Мәдениет
Ресей туын көтеруге тыйым салынды

Ресей спортшылары 2022 жылдың 16 желтоқсанына дейін ірі халықаралық спорттық жарыстарға мемлекеттік туы астында өнер көрсете алмайды. Бұндай шешімді CAS спорттық арбитаж соты шығарған. Бұл туралы Malim.kz Риа НОВОСТИ агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір CAS дүниежүзілік допингіге қарсы WADA агенттігімен ресейлік допингіге қарсы РУСАДА агенттігі арасындағы дауды қарап жатыр.

«CAS арбиторлар коллегиясы РУСАДА дүниежүзілік допингіге қарсы кодекске сай жұмыс жасай алмағанын анықтады. Сондықтан 2020 жылдың 17 желтоқсанына дейін күшінде болатын шешім шығарды», - делінген CAS спорттық арбитаж соты таратқан хабарламада.

РУСАДА агенттігі орыс спортшыларының допинг қолданбауын қадағаламағандықтан енді ресейлік спортшылар өз туларын жарыстарда көтеріп шыға алмайды. Спорттық киімдерінде тудың, елтаңбаның суретті болмауы тиіс. Сондай-ақ, Ресей осы екі жылдың ішінде олимпиада, әлем чемпионаттарын өткізуге өтініш бере алмайды. Және Ресей халықаралық допингіге қарсы агенттікке компенсация ретінде 1,27 миллиона доллар төлеуі керек.

Фото: dnr-live.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу