Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Руслан Желдібай: «Мемлекет басшысына алғысым шексіз»

Қоғам
Руслан Желдібай: «Мемлекет басшысына алғысым шексіз»
Фото: Ақорда

Руслан Желдібай қызметтегі әріптестер мен Мемлекет басшысына алғыс білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жекесіне келген хаттар мен телефон қоңырауларына бірден жауап беру мүмкін болмағанын атап өтіп, барша жұрттан түсіністік танытуды сұрады.

Жекеме келген хаттар мен телефоныма түсіп жатқан қоңырауларға бірден жауап беруге мүмкіндігім болмады.

Баршаңызға жеке-жеке алғыс айта алмасам, түсіністікпен қабылдауларыңызды сұраймын.

Бірге қызмет атқарған әріптестеріммен де толық қоштасып үлгермедім. Бәріміздің мақсатымыз – бір, арманымыз – ортақ. Ол – Мемлекетіміздің бүгіні мен болашағына адал қызмет ету. Сол жолда әрқайсысыңызбен тізе қосып еңбек ету мен үшін маңызды кезең болды.

Бұл уақыт мемлекеттік қызметтің, ортақ жауапкершілік пен жүйелі жұмыстың мәнін терең түсінуге мүмкіндік берген тәжірибе ретінде мәңгі жадымда қалады. Барша әріптесімнің алда атқаратын қызметіне табыс пен сәттілік тілеймін.

Ең бастысы, осындай жауапты міндеттерді атқаруға мүмкіндік берген Мемлекет басшысына шынайы ризашылығымды білдіремін!

Жасымызға қарамай зор жауапкершілік жүктеуі біздің буынға және болашаққа деген сенім деп қабылдадым. Мұндай сенімге ие болу мен үшін әрдайым зор мәртебе. Мемлекет басшысына алғысым шексіз!

Болашақта да ел мүддесіне қызмет ете береміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!, - деді жазбасында.

Сөз соңында ол алдағы уақытта да ел мүддесіне қызмет ете беретінін айтып, елдің амандығы мен жұрттың тыныштығын тіледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу