Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Сәлемің қандай, жауабым сондай": Актер Нұрболхан Шарапов өзін сынағандарды боқтап жіберді

Қоғам
"Сәлемің қандай, жауабым сондай": Актер Нұрболхан Шарапов өзін сынағандарды боқтап жіберді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/скрин/astanatv

Әзілкеш, актер Нұрболхан Шарапов әлеуметтік желіде өзіне сын айтқандарды боқтады. Мәдениет саласының өкілі бола тұра, отандастарын сықпыртып отырған актерге көпшілік ашуланды, деп жазды Azattyq Rýhy. 

Нұрболхан Шарапов threads платформасында отырып, адам сенімін қорлайтын сөздер жазған. Содан кейін оған хейт күшейген. Әзілкеш өзіне қарсы келген адамдарға былапыт сөздерді жаудырған. Сондай-ақ ол жақында «Отанымды жемей, киноға барыңдар» деп қастерлі Отан сөзін қорлаған белгілі коуч Құралай Ошақбаеваның сөзін талдап, оны «дұрыс түсінбей» қалғандарға түсіндірген. 

Айта кетсек, бірнеше жыл бұрын тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Нұрболхан Шараповты жеке басына тіл тигізгені үшін айыптап, сотқа берген еді.

Еске салсақ, Қазақстанда қоғамдық ортада балағат сөз үшін жауапкершілік көзделген. Егер адам қоғамдық орында басқаларды сыйламай, олардың тыныштығын бұзса, онда бұл әрекет ұсақ бұзақылық болып есептеледі.

Оған мынадай жаза түрлері қарастырылған:

Айыппұл – 20 АЕК (шамамен 69 000 теңге),

немесе 5-тен 15 тәулікке дейін қамауға алу.

Әлеуметтік желідегі балағат сөздерге осыған ұқсас жауапкершілік бар. Егер әлеуметтік желіде жазылған сөздер басқаларға көрініп, олардың құқықтары мен тыныштығын бұзса, онда бұл әрекет ұсақ бұзақылыққа жатып, ал жазба авторы жауапқа тартылады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу