Белгілі әнші әрі актер Медеу Арынбаев келесі жылы ұлын үйлендіріп, отбасына келін түсірмек. Бұл туралы ол "Бүгін.live" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Өнер иесінің айтуынша, ұлының сүйген қызы бар, екеуінің қарым-қатынасы берік.
"Келер жылы ұлымды үйлендірмекпіз. Қазір оның сүйген қызы бар, екеуі қол ұстасып жүр. Мен ешқандай талап қоймаймын, бәрін өзі шешеді. Біз ниетімізді білдіріп, тілеулес болып отырмыз. Әрдайым "ата-аналарыңның сенімін ақтаңдар, өз өмірлеріңді өздерің құрыңдар" деп айтып жүремін. Бастысы – бақытты болсындар", – деді Медеу Арынбаев.