Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сарбаздарға темекі тұқылын жегізген әскери жазаланды

Қоғам
Сарбаздарға темекі тұқылын жегізген әскери жазаланды

Ақтаудағы 25744 әскери бөлімде сарбаздарға темекі тұқылын жегізген әскери қызметші лайықты жазасын алды. Мұндай пікірді Бас әскери прокурордың орынбасары Талғат Бекбергенов білдірді. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

– Жаза тәртіпке қайшы әрекетке сай келеді. Мерзімді әскери қызметшіге қатысты билігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды. Әскери сот мерзімді қызметтің екі сарбазына темекі тұқылын жегізіп, күш қолданған үшінші сыныпты сержантқа билігін асыра пайдаланғаны үшін 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасын кесті. Ауыр салдардың болмауына және сотталушының жеке қасиетін ескерсек, оған тағайындалған жаза түзелуіне жеткілікті, - деді Талғат Бекбергенов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Айта кетейік, бұл оқиға Ақтауда болғанымен, іс Ақтөбе әскери сотында қаралды. 

Сот взвод командирі Әділет Керімовті Қылмыстық кодекстің 451 бабы 1 бөлігімен айыпты деп танып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Фото: Максат Шағырбаев/Kazinform

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу