freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шавкат Рахмоновтың әйелі түскен жол апаты: жақында сот болады

Құқық
Шавкат Рахмоновтың әйелі түскен жол апаты: жақында сот болады
видеодан скриншот

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Гүлайым Рахмоноваға қатысты жол апаты ісін қарайтын күнді белгіледі, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Шавкат Рахмоновтың жұбайына қатысты қылмыстық іс сотқа берілді.

"Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіне Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша айыпталушы Рахмонова Гүлайым Сәрсенбекқызына қатысты қылмыстық іс қабылдансын. Іс бойынша алдын ала тыңдау 2026 жылғы 16 ақпанда сағат 15:00-де Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратына тағайындалсын", - деп жазылған сот хабарламасында.

Еске салайық, 2025 жылы 27 шілдеде сағат 08:50 шамасында республикалық маңызы бар Алматы-Екатеринбург тасжолының 299-шақырымында Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі Қарағанды облысынан Алматы қаласына қарай келе жатып, тізгінге ие бола алмай, жол апатына түскен еді.

Соның салдарынан екі адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді. Бұған дейін Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы ауруханадан шығарылғаны хабарланды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу