Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шавхат Рахмонов Иан Гэрримен жекпе-жек алдында көз арбасты (ВИДЕО)

Спорт
Шавхат Рахмонов Иан Гэрримен жекпе-жек алдында көз арбасты (ВИДЕО)

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавхат Рахмонов UFC 310 турнирі алдында салмағын өлшетіп, қарсыласы Иан Машадо Гэрримен көз арбасу рәсімін өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ертең Лас-Вегаста өтетін жекпе-жек кешінде жерлесіміз жартылай орта салмақта уақытша чемпиондық атақ үшін таласады. Қарсыласы – 27 жастағы ирландиялық файтер де Шавхат секілді бұған дейін жеңілмей келген. Ол UFC-ге 2021 жылы дебют жасап, сол уақыттан бері 15 жекпе-жек өткізген.

Жекпе-жек 5 раундқа жоспарланған.

Бұған дейін Шавхат Рахмонов UFC чемпионы Біләл Мұхаммадпен жекпе-жекке шығуы тиіс болған. Алайда, денсаулығына байланысты тегі палестиналық спортшы бұл кездесуден бас тартты. Сол себепті басты жекпе-жектің орнына Рахмонов пен Гэрридің айқасы ұйымдастырылып отыр.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу