freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шахматшы Бибісара Асаубаева Тоқаевқа үндеу жасады

Спорт
Шахматшы Бибісара Асаубаева Тоқаевқа үндеу жасады
Sports.kz.

Шахматшы Бибісара Асаубаева Тоқаевқа үндеу жасап, спорт министрлігімен арадағы мәселені айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Блицтен үш дүркін әлем чемпионы президентке жарысқа дайындықты қаржыландыруда мәселелер туындағанын, өзінің жалақысы үш есе қысқартылғанын, әлі күнге дейін өзіне берілген мемлекеттік орденді ала алмай отырғанын жеткізді.

“Мықты турнирлердің бірі Norway Chess-2026 аяқталды. Онда бірінші орынды иелендім. Осы маңызды турнирге арналған жаттығулар өзімнің жүлде қорым мен ата-анамның қаражаты есебінен төленді. Біз әлі күнге дейін сол турнирдің секунданттары мен аналитиктеріне ақы төлеген жоқпыз” деді үш жарым минуттық видеоүндеуінде Асаубаева.

Асаубаеваның президентке үндеуінен кейін спорт министрлігі сағат 16.00-де брифинг өтетінін айтып, түсініктеме беретінін мәлімдеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу