Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтайтын ғылыми бағдарлама әзірленді

Сұқбат
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтайтын ғылыми бағдарлама әзірленді

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте  жаппай саяси қуғын-сүргін және ақтау процесі бірыңғай деректер базасын қалыптастыратын арнайы ғылыми бағдарлама әзірленгенін хабарлады.

Тоғжановтың айтуынша,  кеше саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның екінші отырысы өтті.  Аталмыш ғылыми бағдарлама осы комиссия отырысында талқыланған.

«Біріншіден, саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру бойынша сұрақтар. Екінші, жазықсыз сотталған және саяси қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарды ақтау процестерін ғылыми зерделеу. Сонымен қатар, жабық мұрағаттарда саяси қуғын-сүргін материалдарының зерттеушілерге қолжетімді болуын қамтамасыз ету. Еліміздің азаттығы, тәуелсіздігі мен тұтастығы үшін күресте ерлік көрсеткен саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте қалдыру бойынша ұсыныстар әзірлеу», - деді спикер.

Премьер-министрдің орынбасары мемлекеттік комиссияның жұмыс бағыттары бойынша 11 жұмыс тобы құрылғанын жеткізді.

"Бұл топтардың жұмысына еліміздегі жетекші ғылыми-зерттеу институттарының, ЖОО-ның ғылыми қызметкерлерін қосқанда 57 ғылыми қызметкер жұмылдырылды", - деп түсіндірді Е.Тоғжанов.

Үшіншіден, барлық мемлекеттік орган мен комиссияның жұмыс топтарының бірлескен жұмысын қамтамасыз ету бойынша арнайы жобалық офис құрылды. Офис құрамында 11 мемлекеттік орган өкілдері, 6 ғалым жұмыс істейді.Төртіншіден, барлық өңірде әкімнің орынбасарлары басқаратын арнайы өңірлік комиссиялар құрылды. Оған да ғалымдар, Мәслихат депутаттары кіреді. Жергілікті әкімдік осы азаматтардың жұмысына жағдай жасауға міндетті.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу