freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мысықты кір жуатын машинаға салып өлтірген

Оқиға
Мысықты кір жуатын машинаға салып өлтірген
Pexels

Семей қаласында бала мысықты кіржуғыш машинаға салып жіберген. 

Семейлік әйел әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, онда ұлының кір жуғыш машинаға мысықты салып жібергенін айтқан. Соның салдарынан мысық өліп кеткен.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері тексеру жүргізді.

- Тексеру барысында аталған оқиғаның абайсыздан болғаны анықталды. Осы факті бойынша үй жануарының иесі жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады Абай облысының полиция департаментінен.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оған 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Осы ретте, полицейлер жануарларға жауапкершілікпен қарау талаптарын сақтау әр азаматтың міндеті екенін еске салды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу