Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Семейде соққыға жығылған баланың жағдайы белгілі болды

Қоғам
Семейде соққыға жығылған баланың жағдайы белгілі болды

Жақында Семейде қатарластары соққыға жыққан  6 сынып оқушысының қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

2013 жылы туған баланың жабық бас-ми жарақаты, басында және аяқтарында көптеген гематомалар анықталды. Оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланың жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық. Оны тексеріп, өміріне қауіп жоқ екенін анықтады. Пациент педиатр, травматолог және невропатологтың бақылауында. 

Баланың жағдайы оның психоэмоционалдық жағдайы мен диагнозына байланысты салыстырмалы түрде қанағаттанарлық. Бала қажетті диагностикалық тексерулерден өтті. Сараптама қорытындысы бойынша өмірге қауіп төндіретін себептер жоқ, - деп хабарлады басқарма.

Айта кетейік, бұған дейін Семейде 6-сынып оқушысын соққыға жыққан 3 жеткіншектің әке-шешесі ата-аналық құқығынан айырылғаны хабарланған. 

Фото: Абай облысының білім басқармасы

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу