Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Семейде соққыға жығылған оқушыға психологтар көмек көрсетіп жатыр

Денсаулық
Семейде соққыға жығылған оқушыға психологтар көмек көрсетіп жатыр

Семейде жоғары сынып оқушылары аяусыз соққыға жыққан балаға психологиялық көмек көрсетілуде. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысындағы өкілі Эльзира Жүнісова мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Балалар омбудсменінің өңірдегі өкілі қазіргі таңда соққыға жығылған оқушының қасында.

 Қазіргі уақытта жәбірленуші жасөспірімге ерекше назар аударылуда — ол арнайы орталықта мамандардың бақылауында. Психологтар мен бала құқықтары жөніндегі уәкіл оған қажетті қолдау көрсетіп, оқиғадан кейінгі эмоционалдық әсерлерді жеңуге көмектесуде. Білікті мамандар жасөспірімнің психологиялық жағдайын қалпына келтіру үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Оқиғаға қатысы бар жасөспірімдерге қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады. Ертең кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтеді, онда әрбір қатысушының әрекеті жеке қаралып, қажетті шешімдер қабылданады, - деп жазды Эльзира Жүнісова желідегі парақшасында.

Фото: Абай облыстық ПД баспасөз қызметі  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу