freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді

Саясат
Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді
Ақорда

26-27 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

Мемлекеттер басшылары қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.

Саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударылады. 

Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырған еді. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу