Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Серік Сәпиев Қарағанды облысы спорт басқармасын басқаратын болды

Спорт
Серік Сәпиев Қарағанды облысы спорт басқармасын басқаратын болды

Елордада Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өңірлік спорт басқармаларының басшысын тағайындау бойынша комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрлік мәліметінше, отырыста Қарағанды және Павлодар облыстарының дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылығына ұсынылған екі үміткердің кандидатурасы қарастырылған.

Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевтің, ал Павлодар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Азамат Имашевтың кандидатурасы ұсынылып, комиссия мүшелері келісімін берді, деп жазылған министрлік мәлімдемесінде.

Айта кетейік, кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады және Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттарды ғана тағайындауға тиіс.

Фото: gov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу