freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шетелдік азамат 114 апиын капсуласын жұтып, Қазақстанға алып өтпек болған

Оқиға
Шетелдік азамат 114 апиын капсуласын жұтып, Қазақстанға алып өтпек болған
ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жұмыстарын жалғастырып жатыр. Сәуірден бері арнайы қызмет 9 халықаралық және 2 өңірлік есірткі жеткізу арнасын жойып, 1 фитолабораторияның қызметін тоқтатты

Мәселен, Ақтау әуежайында іш құрылысындағы жалпы салмағы 1 келі болатын 114 апиын капсуласын тасымалдамақ болған шетелдік азамат ұсталды.

Елорда әуежайында Оңтүстік Азия елдерінің бірінен 12 келі гашиш майын жеткізген Қазақстан азаматы қолға түсті.

"Бұдан бөлек, ірі көлемдегі "көкнәр сабағын" контрабандалық жолмен алып өтуге және таратуға, сондай-ақ аталған шикізаттан есірткі құралдарын өндіруге күдікті адамдардың тұрақты қылмыстық тобының құқыққа қайшы әрекетінің жолы кесілді", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Барлығы 3,4 келі апиын, 9 келі гашиш, 11,4 келі синтетикалық есірткі, 18,5 келі гашиш майы, 26,4 келі марихуана, 110 грамм кокаин және 20 тонна көкнәр сабаны, сондай-ақ 150 литрден аса прекурсор тәркіленген. Қазақстанның 23 азаматы мен 3 шетелдік ұсталды. Аталған деректің барлығы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу