Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Айжұлдыз Адайбекова тұрмысқа шығады

Шоу-бизнес
Айжұлдыз Адайбекова тұрмысқа шығады

Қазақстандық актриса әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова өзінің сүйіктісі, экстрим-блогер Сәкен Қағаровтың үйлену туралы жасаған ұсынысын қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Блогер ұсынысты Исландиядағы сарқыраманың жанында жасаған. Ал ерекше сәттің суреттері әлеуметтік желіде жарияланды. Онда Айжұлдыздың эмоциясын көруге болады.

Ол «иә» деп жауап берді, - деді жазбаның астында Сәкен Қағаров.

Жұпты желіде әншілер Мадина Сәдуақасова, Мөлдір Әуелбекова, Yenlik, Наzима, Индира Еділбаева, Аша Матай, актерлер Санжар Мәди, Әсел Сағатова, Дина Тасболатова мен Гүлназ Жоланова, интервьюер Айсәуле Бақытбек пен жүргізуші Анна Данченко құттықтаған.

Фото: instagram.com/saken_kagarov

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу