Айжұлдыз Адайбекова ұзатылды
Актриса образымен ерекшеленді.
Әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова ұзатылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Отандық актрисаның таңдауы блогер Сәкен Қағаровқа түскен.
Қашан да ерекшеленіп жүретін Айжұлдыз ұзату тойында да образымен көпшілікті таңғалдырды. Ол әдетте қалыңдық киетін ақ көйлек емес, сұр түсті киім таңдаған. Сонымен қатар ұзату тойдың атауы да ерекше көзге түсті, ерекше дарын иесі Айжұлдыз кештің атауын «Айжұлдыздың бата алу тойы» деп жазған.
Сондай-ақ дүбірлі тойда көптеген өнер адамдары бой көрсетті. Олардың қатарында өнерлі жұп Мирас пен Құралай, әнші Асхат Тарғын, продюсер Жан Мұқанов және тағы да басқа өнер иелері бар.
Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп, ыстық лебіздерін білдірді.
Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
