Алтынай Жорабаева сүйінші жаңалығын жеткізді

Әншінің қызы Қытайдағы ең беделді жоғары оқу орнына грантқа түскен.

Сабина Асқарқызы

  • 23.08.2024

Отандық әнші Алтынай Жорабаева оқырманына қуанышты жаңалығын жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің тұңғышы Қытайдағы мықты жоғары оқу орындарының біріне грантқа түскен.

Сүйінші! Алланың қалауымен тұңғыш қызымыз Аяулым Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласындағы ең мықты университетке грантқа оқуға түсті. Аяулым былтыр Қазақ ұлттық университетін қызыл дипломмен бітіріп, бір жыл жұмыс істеп, арасында жапон, кәріс, қытай тілдерін меңгеріп жүрді. Оқуға, басқа тілге қатты қызығатынын Гүлсінай әпкесі байқап: «Аяулым, сен деген қандай алғыр баласың! Сен осы Қытайдағы жоғары оқу орнына тапсырып көрсеңші. Мысалы, біздің президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қытайдың мықты университетінде оқыған ғой» депті. Сөйтіп Аяулым бүгін осындай ректордың шақырту қағазын алып, төбеміз көкке жеткендей қуанып жатқан жайымызды сіздермен бөлісіп жатырмыз. Бізге тілеген тілектеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын, - деп жазды өнер иесі.

Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген