Анара Батырхан тұрмысқа шықпай жүруінің себебін айтты

Өнер иесі шынайы өмірде жігіттерге батылдық жетпейді деп отыр.

Сабина Асқарқызы

  • 07.06.2024

Отандық актриса әрі блогер Анара Батырхан әлі күнге дейін тұрмысқа шықпауының себебін түсіндірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Анара Батырхан «Мамский әңгіме» Youtube-арнасына берген сұхбатында «Қашан тұрмысқа шығасың?» деген сұрақтардан әбден мезі болғанын айтты.

Актриса өз теңін табуды қалайтынын, тек жігіттердің батыл қадам жасаудан қорқатыны талай қыздың жалғыз жүруіне себеп дегенді айтады.

Кеше тойға қонақ ретінде бардым. Ән айттым, биледім, көптеген сымбатты жігітті көрдім, бірақ солардың бірде бірі жаныма келіп танысқан жоқ, өздерін тура танымаған адам секілді ұстады. Үйге келіп әлеуметтік желідегі жеке парақшамды ашсам, мыңдаған хат келіпті, бәрі сол тойда болған жігіттерден келген. Түрлі мақтау сөздер жазған. Неге сол сөздерді тойда өзіме келіп айтпады? - дейді Анара.

Блогердің сөзіне қарағанда, жігіттер оның танымалдылығынан қорқады.

Танымал болғанға дейін айналамда жігіттер қаптап жүретін. Күнде гүлдер, шоколадтар, серуен. Блогер атанған соң солардың бәрін таппай қалдым. Өкінішке қарай, біздің жігіттер өз-өздеріне сенбейді. Іштей ұялып тұрады. Маған Мальдив аралдарында үй немесе қымбат көлік керек емес. Көп жігіттер мен туралы солай ойлайды. Маған болашағы бар, өмірге деген көзқарасы дұрыс жігіт керек, - деді өнер иесі.

Фото: Анара Батырханның Instagram-дағы парақшасынан

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген