«Асханамыздың чемпионы». Kalifarniya келіншегіне ерекше сыйлық жасады
Әнші Олимпиада ойындарынан шабыт алғанын айтты
Kalifarniya лақапатымен танымал қазақстандық әнші Фархат Қалиев өзінің жұбайы Анельге темір тұлпар сыйлады, деп хабарлайды Malim.kz.
Өнер иесі келіншегінің қуанған сәтін видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Сыйлық үлкен қара түсті мата мен көк банттың астына жасырылған. Фархат бұл сыйлықты алуға Париждегі Олимпиада ойындары шабыт бергенін алға тартты.
Бүгін отбасымда қуанышты күн. Чемпиондарға көлік сыйлап жатқанын көріп жүрмін. Біздің үйдің асханасында да чемпион бар. Басқалардан қалмай, мен де сол кісіге сыйлық дайындап қойдым. Қазір келеді, табыстаймыз, - деді әнші тосынсый жасамас бұрын.
Анельдің шынымен де таңғалғанын, ерекше қуанғанын байқауға болады.
Чемпион! Рахмет, жүрегім, - деп жазды ол Instagram-да.
Фото: instagram.com/kalifarniya