Ата-анасы үшін әйелінен ажырасқан актер екінші рет үйленбек

Ол неке қию рәсімі өтетін орын белгіленгенін атап өтті

Сабина Асқарқызы

  • 04.09.2024

Танымал актер Нұрсұлтан Жақсыген екінші рет үйленетінін айтып, жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі Меккеге қажылық сапарға аттанып, жақсы жаңалығын жариялады.

“Love story мен неке қию рәсімі өтетін мекен белгілі болды. Таптым-ау, сені. Алланың қалауымен жүректер тыныштық табатын мекенге қайта келдім. Жаңбыр жауғанда дұғалар сөзсіз қабыл болады дейді. Жүрегімдегі барлық нәрсені айтып ерекше сезімде болдым. Түрлі сынақ келсе де мойымайтын мінез, жалғызсырамайтын жүрек бергеніне шүкір дейін. Дұғамды айтып жатқанда шынайы бақытты сезіндім, жүрекпен қабылдаған шешімнің барлығы Алланың қалауы екеніне көзім жетті. Кейде бізге ұнамайтын нәрселерге сабыр етсек, артында үлкен сый жататынын осында ұғындым”, – деп жазды актер. 

Еске салайық, актер екі баласын өмірге әкелген әйелімен не себепті ажырасқанын былай деп түсіндірген еді:

“Ауылдан ата-анамды қалаға алып келіп, қанша ғұмыры қалды дейсің жағдайын жасап, немерелерінің алдында мәз болып жүрсін деп едім. Өздері қалаға үйренісе алмай жүргенде келінінен сөз есту қандай қиын десеңші”, – деді ол.

Фото: Әлеуметтік желі 

Байланысты жаналықтар

«Әйелдердің айтқанынан шыға алмайды»: Болат Әбділманов ер адамдарға үндеу жасады

20.11.2024

Танымал актер қатерлі ісікке шалдығуына қандай сусын әсер еткенін айтты

22.10.2024

"Энергетик іштім": Қатерлі ісікке шалдыққан Мұрат Бисембин бар сырын ақтарды

18.10.2024

"Көрікті қыз екен". Жахан Отарғалиевтің видеосы қызу талқыға түсті

14.10.2024

Жұлдыз Әбдікәрімова отандық киноны сынады

02.10.2024

Тәуекел Мүсілім үшінші баласы дүниеге келетінін айтты

01.10.2024
MalimBlocks
«Әйелдердің айтқанынан шыға алмайды»: Болат Әбділманов ер адамдарға үндеу жасады

Танымал актер «Жезтырнақ» фильмінің идеясын сынады

Танымал актер қатерлі ісікке шалдығуына қандай сусын әсер еткенін айтты

Актер 6 жылдан бері спортпен айналысып, арасында ашығып тұрған

"Энергетик іштім": Қатерлі ісікке шалдыққан Мұрат Бисембин бар сырын ақтарды

"Көрікті қыз екен". Жахан Отарғалиевтің видеосы қызу талқыға түсті

Актер бейтаныс бойжеткенмен видео жариялады.

Жұлдыз Әбдікәрімова отандық киноны сынады

Актриса көпшілікке ой салатын туындылар көбейсе екен дейді.

Тәуекел Мүсілім үшінші баласы дүниеге келетінін айтты

Актер қыз болғанын қалайды екен.