Баян Алагөзова екі қызын дүниеге әкелген әйелдерге қанша ақша бергенін айтты

Ол ай сайын 350 мыңға дейін жалақы төлеген

Сабина Асқарқызы

  • 15.10.2024

Танымал продюсер Баян Алагөзова "Көреміз" бағдарламасында Алиса мен Алма атты екі қызын дүниеге әкелген суррогат аналарға қанша ақша бергенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Баян Мақсатқызы суррогат аналарға ай сайынғы жалақыдан бөлек 10 миллион теңгеге дейін қаржы төлеген.

"Маған ештеңені жасырған ұнамайды. Ашық дереккөзде барлығының бағасы тұр. Суррогат аналардың ай сайынғы жалақысы – 250-350 мың теңге арасы. Бұл баға суррогат аналардың сұрағанына қарай бекітіледі. Бірі 250 мың, екіншісі 350 мың теңге сұрады. Қалған қаржыны бала туғаннан кейін бірден төлейсің. Баланы дүниеге әкелгеннен кейін қомақты келіскен гонорарын бересің. Бұл ай сайынғы жалақыдан бөлек төленеді. Қазақстанда суррогат аналардың гонорары өте аз. Сондықтан шетелдік азаматтар да біздің елге көп келеді. Дүниеге сәби алып келетін миссия үшін ондай баға өте арзан. Суррогат аналардың гонорары 6 миллион теңгеден басталып, 10 миллион аралығында болады. Менің жағдайымда бірі алты жарым миллион теңге сұрады, екіншісі 7 жарым миллион теңге сұрады. Мен оларға артығымен бердім. Өйткені бұл сома мен үшін өте аз болды. Қос анамыз да ондайды күтпеді", - деді Баян Алагөзова. 

Еске сала кетейік, Баян Алагөзова қызы Айсәуле Бақытбекке берген сұхбатында қыздарының қалай дүниеге келгенін айтты.

Байланысты жаналықтар

«Еңіреп жылайтын»: Баян Алагөзова Ерке Есмахан туралы шындықты айтты

18.11.2024

Айсәуле Бақытбек «Қазақ аруы» байқауына қатысты ойын айтты

15.11.2024

Динара Сәтжан Баян Алагөзова екеуінің достығында нені бағалайтынын айтты

07.11.2024

Ұл баланың анасы атанғым келді – Баян Алагөзова

11.10.2024

«Балбұл жайнап тұр». Баян Алагөзова кешкі уақытын қалай өткізетінін көрсетті

01.10.2024

Баян Алагөзова қызы Алисаның кімге ұқсайтынын көрсетті

26.09.2024
MalimBlocks
«Еңіреп жылайтын»: Баян Алагөзова Ерке Есмахан туралы шындықты айтты

Әншінің табысқа жету жолы оңай болмаған көрінеді.

Айсәуле Бақытбек «Қазақ аруы» байқауына қатысты ойын айтты

Бұған дейін бұл байқауды көпшілік сынап тастаған

Динара Сәтжан Баян Алагөзова екеуінің достығында нені бағалайтынын айтты

Екеуінің достығына 21 жыл болыпты.

Ұл баланың анасы атанғым келді – Баян Алагөзова

Ол екі қызды суррогат ананың босанғанын айтты

«Балбұл жайнап тұр». Баян Алагөзова кешкі уақытын қалай өткізетінін көрсетті

Продюсер қызын қалай ұйықтататынын көрсетті.

Баян Алагөзова қызы Алисаның кімге ұқсайтынын көрсетті

Алиса - Баян Алагөзованың үшінші қызы.