«Баянға Тұрсыннан ақша алып бер дедім». Айгүл Иманбаева кино түсірем деп қалай қиындық көргенін айтты

Түсірілімге 2 күн қалғанда инвесторлар ақша беруден бас тартқан

Сабина Асқарқызы

  • 18.09.2024

Танымал актриса әрі продюсер Айгүл Иманбаева «Көке» фильмін түсірер алдында инвесторлармен болған қиындықтары туралы айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Айгүл Иманбаева түсірілімге екі күн қалғанда демеушісіз қалғанын айтады. Ол құрбысы Баян Мақсатқызының күйеуінен ақша сұраған.

«Түсірілімге 2 апта қалғанда инвесторларымыз ақша беруден бас тартты. Актерлармен келісіп қойғанда түсірілімді кейінге қалдыру қиын болды. Кәсіби маман ретінде артқа шегінуге жол жоқ, екіншіден ана ретінде баламның қанаты қайырылмауы керек. Киноға екі күн қалғанда да ақша тапқан жоқпыз. Пневмония болдым, жедел жәрдеммен ауруханаға түстім. Солай 2 күн қалғанда Баянға хабарластым. Ол менің кинома тегін түсіп жатыр еді. Соған қарамастан, хабарласып, маған Тұрсыннан ақша алып бер дедім. Ол «Мен сұрай алмаймын. Ол бизнестің адамы, менің өз шаруаларым бар. Екеуіңе кездесу ұйымдастырып берем, Асылжанмен кел» деді. Түнгі 1-да үйінебарып, сөйлесіп, жағдайды айттық. Ол да түңіліп кетті. Бизнесмен ретінде толық суманы бере алмайтынын айтты. «Жақсы көрем, құрметтеймін. Сені құтқару керек. Қарызға бере тұрамын», - деп өз шарттарын айтты. Солай үйімізді кепілге қойып, жарты ақшаны таптық», - дейді Айгүл Иманбаева.

Фото: Видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген