Бостандыққа шыққан актер Асқар Жұмабектің жаңа видеосы көпшіліктің жүрегін елжіретті

Актер жақындарын жинап ас берген.

Сабина Асқарқызы

  • 11.12.2024

Бірер күн бұрын ғана бостандыққа шыққан отандық актер Асқар Жұмабек желіде видео жариялап, көңіліне медеу болған жандарға алғысын жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Асқар Жұмабек Instagram-дағы парақшасында үйінде жақындарымен бас қосқан сәтті көрсетті. Бір жылдан астам уақытын темір тордың ар жағында өткізген өнер иесі қолдау көрсеткен жақындарына ізгі тілегін білдіріп, ата-анасына шапан кигізді.

Бүгін жақындарым, достарым келіп отыр. Барлығыңа Алланың нұры жаусын, маған жақсылықтарың өздеріңе екі еселеніп қайтсын. Жақсы күндеріміз көп болсын. Ешкімнің басына түспесін, мұндай сынақпен ешқаймыңызды сынамай-ақ қойсын. Мұндай нәрсені жауыма да тілемеймін. Барлықтарың жүгірдіңдер. Білемін. Сендерге басымды иіп тұрып, рақмет айтамын. Әкешім, анашым, бауырларым, сіздерге де рахмет! Бауыр деген орны бөлек. Сіздерге деген ризашылығым шексіз. Бәрі жақсы болатынына 200 пайызға сенімдімін, - деді өнер иесі.

Айта кетейік, танымал актер былтыр қазан айында ұсталып, Алматы қаласындағы №2 Бостандық ауданы сотының шешімімен сотталған болатын. 2022 жылдың 28 желтоқсанында Алматы қаласындағы караоке-барлардың бірінде қонақтар мен мекеме қызметкерлері арасында жанжал шығып, оның соңы төбелеске ұласқан. Оның ішінде белгілі актер Асқар Жұмабек те болған.

Фото: instagram.com/askarzhumabeqov

 

Байланысты жаналықтар

«Маған ұл бала керек»: Актер Олжас Абай ер азаматтарға үндеу жасады

03.12.2024

Актер Олжас Абайдың Дариға Бадықоваға үйленгені рас па?

29.11.2024

Сәбит Әбдіхалықовтың әйелі үшінші сәбиін күтіп жүргенін айтты

27.11.2024

«Әйелдердің айтқанынан шыға алмайды»: Болат Әбділманов ер адамдарға үндеу жасады

20.11.2024

Танымал актер қатерлі ісікке шалдығуына қандай сусын әсер еткенін айтты

22.10.2024

"Энергетик іштім": Қатерлі ісікке шалдыққан Мұрат Бисембин бар сырын ақтарды

18.10.2024
MalimBlocks
«Маған ұл бала керек»: Актер Олжас Абай ер азаматтарға үндеу жасады

Актер қоғамдағы өзекті мәселені көтерді

Актер Олжас Абайдың Дариға Бадықоваға үйленгені рас па?

Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге ойын білдірді

Сәбит Әбдіхалықовтың әйелі үшінші сәбиін күтіп жүргенін айтты

Актрисаның үшінші сәбиіне аяғы ауыр екені белгілі болды

«Әйелдердің айтқанынан шыға алмайды»: Болат Әбділманов ер адамдарға үндеу жасады

Танымал актер «Жезтырнақ» фильмінің идеясын сынады

Танымал актер қатерлі ісікке шалдығуына қандай сусын әсер еткенін айтты

Актер 6 жылдан бері спортпен айналысып, арасында ашығып тұрған

"Энергетик іштім": Қатерлі ісікке шалдыққан Мұрат Бисембин бар сырын ақтарды