Дженнифер Лопес Астанада концерт береді
Ол әлемдік турне аясында елордаға келеді.

Америкалық супержұлдыз Дженнифер Лопес өзінің Up All Night әлемдік турнесі аясында осы жазда Қазақстан астанасына ат басын бұрады. Бұл туралы турдың ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.
Дженнифер Лопес Қазақстанда алғаш рет концерт бермек. Өнер иесінің шоуы 1 тамызда елордадағы «Астана Арена» спорт кешенінде өтеді.
Биылғы жазда бірнеше таңдаулы шоуда өнер көрсетемін. Сахнаға қайта оралып, бәріңізбен жүздесуге асықпын. Тым көп уақыт өтті. Бұл керемет жаз болмақ, деп жазды әнші 7 сәуірдегі парақшасында.
Билет туралы ақпарат турненің Instagram-дағы ресми парақшасында осы аптада жарияланады. Оның жазғы концерттерінің кестесі де сонда жарияланған. Дженнифер Лопес Астанаға Абу-Дабиден келеді.
Фото: depositphotos.com/ Image Press Agency
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
