Көпшілікке кеңінен танымал "Нұр-Мұқасан" тобы тыңдармандарын қуантатын жаңа әнін жарыққа шығарды, деп хабарлайды Malim.kz.
Топтың Instagram желісіндегі ресми парақшасында "Сен жоқ жерде" атты жаңа туындыға түсірілген жаздық бейнесниппет жарияланды. Әннің авторлары – әні Арман Дүйсенов, сөзі Ринат Зайыт.
Топ мүшелері тыңдармандарды жаңа жұмысты қолдауға шақырып, жылы лебіздерін білдірді:
"Ал ағайын, қабыл алыңыздар, сіздерге Арман Д. әніне, Ринат З. сөзіне жазылған "Сен жоқ жерде" әніне жазда түсірілген келесі (сниппет) видеомызды тарту ете отырайық. Сіздерден барынша тіркеліп, ойларыңызды жазып, лайк басып, вацап чаттарыңызға бөлісіп, қолдап жіберуліріңізді күтеміз. Барлығыңызға алғысымыз шексіз, осы күнге дейін қолдауларыңызды сезіндік. Алла разы болсын барлығыңызға. Нұрлан Қонысбай, Ғалымжан Сүлеймен бауырларыңыздан", – делінген жазбада.