«Елдос Колобок» бедеулікке қарсы операцияның қалай жасалғанын айтты

Ол енді жақсы хабарды күтіп отырғанын жасырмады.

Сабина Асқарқызы

  • 31.01.2025

Көпшілік арасында «Елдос Колобок» лақап атымен танылған блогер Елдос Кәдірханов соңғы рет жасалған операцияның сәтті өткенін айтып, ел алдында дәрігеріне алғыс білдірген еді, деп хабарлайды Malim.kz

Блогер көпшілікке ота туралы түсіндіріп берді.

Түркияда ота 20-30 минут қана жасалатын. Ал Астанада ота 3,5 сағат жасалды. Дәрігерлер үмітін үзіп жатқан екен. Хирургтың айтуынша, ең маңызды тұсы бітеліп қалған екен. Ота жасаған дәрігер дәл сол тұсты кесетін әдісті қолданбайтынбыз, оны ұмытып кеткенбіз дейді. Сол әдіске қажетті бір құралын қасындағы көмекшілерінен сұраса, оны тіпті дайындамаған да екен. Соны әкелгеннен кейін жаңағы жабысып тұрған жерді кесіп жібергенде бір дауыс шығып, артынша бұлақ болып ақты дейді. Соны алып, эмбриологқа бергенде ішінде жыбырлап жүргендерін көрген. Ондай менде мүлдем болмаған, деді блогер.

Сондай-ақ жарына түрлі ауыр сөз жазатынын да жасырмады. 

Біздің арамызда бала болмағаны үшін неше түрлі сөз жазады. «Елдосқа мен туып берейін» деп жазған қыздар да болды. Біз отадан кейін елге бәрін жайып салдық. Біріншісі осындай артық сөздерге тосқауыл болсын дедік. Екіншісі қаншама адамдар емделмей, аурухана жағалап жүр. Соларға үміт сыйлау мақсатында жарияладық. «Бала сүйе аласыз» деген сөзді естігенде бақыттан басым айналды. Сәби күтіп жүрген әр отбасыға жұғысты болсын. Қымбатшылық заманда дәрі-дәрмекті алу да кейбір отбасы үшін қиын болуы мүмкін. Уақыт өткізбей мен айтқан орталыққа баруға кеңес беремін, деді Елдос. 

Фото: instagram.com/eldos_kalabok

Байланысты жаналықтар

Ажырасқан ерлі-зайыпты: баламен қарым-қатынас жасаудың жаңа ережелері бекітілді

16.04.2025

6 жасар бала құдыққа құлап, көз жұмды

14.04.2025

Фариза Төреәлі күйеуімен қалай танысқанын еске алды

14.04.2025

Павлодарда 2 жасар бала 5-қабаттан құлап, комаға түсті

13.04.2025

Лотерея ұйымдастырған блогерлерге қылмыстық іс қозғала ма?

10.04.2025

«Ештеңе күтудің қажеті жоқ». Жақында ғана тұрмысқа шыққан Динара Сәтжан кеңес берді

07.04.2025
MalimBlocks
Ажырасқан ерлі-зайыпты: баламен қарым-қатынас жасаудың жаңа ережелері бекітілді

Қазақстанда баламен қарым-қатынас мәселелері бойынша дауды шешудің бірыңғай тәртібі енгізілді

6 жасар бала құдыққа құлап, көз жұмды

Фариза Төреәлі күйеуімен қалай танысқанын еске алды

Блогер оның таза көңіліне ғашық болыпты.

Павлодарда 2 жасар бала 5-қабаттан құлап, комаға түсті

13 сәуірде Павлодарда 2 жастағы бала 5-қабаттан құлап, ауыр хәлде ауруханаға түсті

Лотерея ұйымдастырған блогерлерге қылмыстық іс қозғала ма?

Қазақстанда кейбір блогерлерге қатысты тексерулер басталады

«Ештеңе күтудің қажеті жоқ». Жақында ғана тұрмысқа шыққан Динара Сәтжан кеңес берді

Ол өз ісіңе адал болуға шақырды.