Голливуд жұлдыздары Лос-Анджелесте өрттен зардап шеккендерге қалай көмектесіп жатыр

Бейонсе зардап шеккендерге 2,5 миллион доллар көлемінде ақша аударды

Сабина Асқарқызы

  • 14.01.2025

2025 жылдың қаңтар айында Лос-Анджелестегі жойқын өрт көптеген Голливуд жұлдыздарын біріктірді. Бұл туралы Курсив жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

R’n’B әншісі Бейонсе зардап шеккендерге 2,5 миллион доллар көлемінде қайырымдылық жасады. Қаражат 2013 жылы әншінің өзі құрған BeyGood Foundation қоры арқылы аударылады. Бұл қаражат үйлерінен айырылған адамдарға, шіркеулер мен алғашқы қажетті заттар ұсынып жатқан қоғамдық орталықтарға бағытталады.

Өрттен зардап шеккендерге көмектесуден тағы бір танымал әнші және актриса Селена Гомес те шет қалған жоқ. Direct Relief коммерциялық емес ұйымының бас директоры Томас Тайдың айтуынша, 32 жастағы әнші 5 миллион доллар көлемінде қайырымдылық жасап, зардап шеккендерге қолдау көрсеткен. Сонымен қатар, Гомес әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы халықты ақпараттандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Америкалық әнші әрі танымал тұлға Пэрис Хилтон да өрттен зардап шеккен, кішкентай балалары бар отбасыларды қолдау мақсатында 100 мың доллар бөлді. Ол арнайы қор ашып, оның бюджеті ашық қайырымдылық шаралары арқылы толықтырылатынын хабарлады. Бүгінде 43 жастағы әнші әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы халықты қайырымдылық жасауға шақырды. Хилтон өрттің салдарын жою үшін волонтер болуға да дайын екенін мәлімдеді. Айта кетейік, өрт кезінде ол да Лос-Анджелестегі үйлерінің бірінен айырылған болатын.

Ал Кардашьян отбасының шағын көлемдегі көмегі желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Олар тек $2500 мөлшерінде қаражат бөліп, соған Carousel мейрамханасынан өрт сөндірушілерге тамаққа тапсырыс бергенін мақтанышпен жариялаған. Осыдщан соң Хлои Кардашьян желіде сынның астында қалды.

Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірінше, «миллиондаған долларды қарапайым америкалықтардың арқасында табатын отбасы» көбірек көмек көрсетуі керек еді. Дегенмен, әділдік үшін айта кету керек, Ким Кардашьян өзінің SKIMS дүкенінен эвакуацияланған немесе үйлерінен айырылғандарға киімдерін тегін таратып жатыр, ал отбасының басқа мүшелері әр түрлі қорларға қосымша қаражат бөлген.

Белгілі актриса Анджелина Джоли өрттен зардап шеккен достарына есігін ашып, ұлының көмегімен мұқтаж жандарға азық-түлік сатып алып берді. 

Фото: Legion-Media

Байланысты жаналықтар

Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

15.04.2025

Жаз құрғақ, өрт қаупі жоғары болады - ТЖМ

15.04.2025

Астанадағы жатақханадан өрт шықты

09.04.2025

Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты

06.04.2025

Абай облысындағы «Семей орманы» қайта өртенді

04.04.2025

Баянауыл ұлттық паркінде ірі дала өрті оқшауланды

04.04.2025
MalimBlocks
Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт сөндіру алгоритмін орындамау деректері бойынша тергеу жүргізуді тапсырды

Жаз құрғақ, өрт қаупі жоғары болады - ТЖМ

ТЖМ: жаз құрғақ болады деп күтілуде Төтенше жағдайлар министрлігі биыл жазда құрғақшылық болатынын болжады

Астанадағы жатақханадан өрт шықты

Астанадағы Сарыарқа ауданы Бұланты көшесі бойындағы мансард үлгідегі жатақхананың алты қабатты ғимараттан өрт шықты

Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты

Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты. ТЖМ қызметкерлері 6 адамды құтқарып, 8 адамды эвакуациялады

Абай облысындағы «Семей орманы» қайта өртенді

Баянауыл ұлттық паркінде ірі дала өрті оқшауланды