Келген қонаққа төрін бермеген Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі сынға қалды
Желі қолданушылары "Нойс" атымен танымал Нұржан Иманәлиевтің әрекетін сынаған
Танымал айтыскер, бүгінде коуч және кәсіпкер ретінде танымал Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшырады, деп хабарлайды Malim.kz.
Желіде Түркияда тұратын Тұрсынбаеваның үйіне танымал ақындар Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан және Түркияда тұратын блогер Қайша Керейдің отбасымен бірге қонаққа барған сәтінен видео таралды. Көпшілік Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуінің қонаққа төрін берместен, үнемі өзі отыратынын байқаған.
"Не әдет осы үй иесі төрге өзі шығып алатын?", "Үнемі үйдің төрін бермейді", "Қонақты төрге шығару керек қой", деп жазды желі қолданушылары.
Фото: видеодан кадр
@syrymauyezkhan Айнұр әпкемнің дастарханы бөлек қой, шіркін
♬ original sound - Сырым