Ләйлә Сұлтанқызы тойларды біріктіріп өткізуді ұсынды

Тележүргізуші ысырапшылдықтың соңы ауыр соғатынын айтты

Сабина Асқарқызы

  • 19.11.2024

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы тойдағы ысырапшылдықты азайтуды ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Сұлтанқызы қаптаған тойды біріктіріп өткізу әлдеқайда үнемді болар еді деген пікірін жеткізді. Себебі оқырмандарының арасында той істейміз деп қарызға батқандар көп екендігін алға тартқан. Бұған дейін ҚМДБ қыздың келісімімен мәһір мен қалыңмалды біріктіру туралы шешім шығарған болатын.

Мәһір де жоқ, тақыр да жоқ… Апам жүзік салынған бір пияла суды бәрі ішіп, неке қиятын заманнан. Мәһір мен қалың малдың қосылғанын да қолдап отыр.

Енді тағы ысырапшылдықты азайтсақ, иә? Өткенде «той жасадыңыздар ма, шашылдыңыздар ма, қанша кетті?» деп оқырмандардан сұрасам бола ма… Біразы қарызға белшесінен батқанын айтты. Иә, той деген береке, алыс-беріс, басқосу ғой. Дегенмен 2-3 сағаттың артын жылдар бойы өтейміз де жатамыз. Мысалы, тәтті шай, сырға салу, құдалық, тойды біріктірсек, оның өзі біраз үнемдеу. Сосын тойдың бәрі түсте болса қайтеді деп қоямын. Асқазанды ойлап жатқаным ғой… Ұйқы да, ағза да тыныш, - деп жазды тележүргізуші.

Фото: instagram.com/sultankyzy

Байланысты жаналықтар

Талғар ауданында атыс болды

09.05.2025

200 мыңнан 5 млн-ға дейін. Әншілердің тойдағы гонорары белгілі болды

09.05.2025

Жігер Ауыпбаевтың әйелінің бетін ашқан Нұрлан Еспанов таңданып қалды

30.04.2025

«Аллаға тапсырдым»: Ақбота Керімбекова жеке өміріндегі сәтсіздік туралы айтты

29.04.2025

Белгілі тамада анасы қайтыс болған күні той басқарғанын айтты

28.04.2025

Димаш Құдайбергеннің қарындасына құда түсті

27.04.2025
MalimBlocks
Талғар ауданында атыс болды

200 мыңнан 5 млн-ға дейін. Әншілердің тойдағы гонорары белгілі болды

Жігер Ауыпбаевтың әйелінің бетін ашқан Нұрлан Еспанов таңданып қалды

Өнер иесі жақын достарын бейнебаянының тұсаукесеріне шақырған

«Аллаға тапсырдым»: Ақбота Керімбекова жеке өміріндегі сәтсіздік туралы айтты

Өнер иесі бәрін кешіргенін алға тартты.

Белгілі тамада анасы қайтыс болған күні той басқарғанын айтты

Ол әкесінен рұқсат алған.

Димаш Құдайбергеннің қарындасына құда түсті