freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Диана Скатова үйлену тойын тікелей эфирде ақылы көрсетпек

Шоу-бизнес
Диана Скатова үйлену тойын тікелей эфирде ақылы көрсетпек
diana.skatova/instagram

Танымал блогер әрі тележүргізуші Диана Скатова сүйіктісі Сұлтанмен бірге өтетін үйлену тойын көпшілікке жаңа форматта көрсетпек. Жұп 30 тамызда өтетін салтанатты кешті онлайн трансляция арқылы көрсетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды  Malim.kz Sn.kz сайтына сілтеме жасап. 

Диана Скатова әлеуметтік желідегі парақшасында тойдың тікелей эфиріне қосылуға мүмкіндік беретін Telegram-боттың сілтемесін жариялаған.

Алайда трансляцияны көру тегін болмайды. Тойдың онлайн көрсетілімінің құны — 990 теңге.

Көрермен алдымен Telegram-бот арқылы төлем жасап, оның түбіртегін модераторға жіберуі қажет. Төлем расталғаннан кейін жабық Telegram-арнаға қосылуға арналған сілтеме беріледі.

Осылайша, Диана Скатова мен Сұлтан шаңырақ көтеру қуанышын жақындарымен бірге атап қана қоймай, онлайн форматта оқырмандарымен де бөліспек.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу