Нұрғали Нүсіпжанов аурухана жатып, Асанәлі Әшімов екеуі туралы әсерлі жазба жариялады

Өнер иесі қазақ руханиятына үлес қосу үшін үлкен миссиямен дүниеге келгенін айтады

Сабина Асқарқызы

  • 06.12.2024

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Нұрғали Нүсіпжанов ауруханада жатып, көрнекті театр және кино актеры Асанәлі Әшімовпен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстанның халық әртісі ауруханадағы ой-толғамын әсерлі жеткізген.

«Құдайға шүкір-өршіл рухтан, өлмес ерлік туғызған ұлдарға кенде болған жоқ ұлтымыз. Елім деп еңіреп, жұрт үшін жұдырықтай жұмылып,қазағына қасық қаны қалғанша қалтқысыз қызмет қылған алаш ардақтылары қынадай қырылып жатқанда Жаратқан Иеміздің жарылқауымен жарық дүние есігін ашыппыз. Тар заманның тас маңдайға жазғанынан қашып құтыла алмайды адам. Қабырғамыз қатпай жатып-қан жұтып, қасірет суын қауғалап ішкен елдің көз жасын көрдік, тылдағы еңбекке ерте араластық,соғыс жетімдері атандық», - деп жазды Нұрғали Нүсіпжанов.

Өнер иесі қазақ руханиятына үлес қосу үшін үлкен миссиямен дүниеге келгенін айтады.

«Жұлдызды түндеріміз бен нұрлы күндеріміз көп болмаса да, алақандай ауылдан Алматыға аттанып, алдымен адам болуға сонан соң маман болуға асықтық,арманымызға адал болдық. Біздің қай-қайсымыз да қара шаңырақта атадан қалған жалғыздармыз. Жар болған бір құдай. Мақсат-мұратымыз әке отын сөндірмеу, ана сүтін ақтау ғана болды. Ойлап отырсам: Жылатқанды жұбататын күш-құдірет Құдайдың ғана қолында.
37-ші жылы нақақтан-нақақ,жазықсыз атылған Ағаларын жоқтатпасын,-деп Алла Тағала бізді Қазақ руханиятына бір-бір кірпіш болып қалану үшін жаратқандай. Ел-жер алдындағы парызымыз да, Қазақтың алдындағы қарызымыз да бөлек-ау біздің…», - деп жазды Нұрғали Нүсіпжанов.

Фото: instagram.com/nurgali_nusipzhanov_official

Байланысты жаналықтар

«Арманы – ұлды болу». Роза Әлқожа Нұрғали Нүсіпжановтың басты өкініші туралы айтты

15.07.2024

Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

28.10.2020

Қырымбек Көшербаев зиялы қауым өкілдерімен кездесті

04.09.2020

Асанәлі Әшімов: Жігіттер әлдебір топтың жетегінде кеткен екен

08.02.2020
MalimBlocks
«Арманы – ұлды болу». Роза Әлқожа Нұрғали Нүсіпжановтың басты өкініші туралы айтты

Нұрғали Нүсіпжановтың сахнада жүргеніне биыл 70 жыл толады екен.

Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Қырымбек Көшербаев зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Асанәлі Әшімов: Жігіттер әлдебір топтың жетегінде кеткен екен