Нұрғали Нүсіпжанов Мейрамбек Бесбаевқа бата берді

Аңыз әнші ізбасары ашқан радиода қонақ болған.

Сабина Асқарқызы

  • 15.01.2025

Қазақ эстрадасының жұлдызы Нұрғали Нүсіпжанов жақында радио ашқан Мейрамбек Бесбаевқа батасын беріп, ақ тілегін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

«МузАрт» тобының солисі өзіне қолдау білдірген өнердегі ағасына асқан сыйластық танытты.

88 жасқа толған Нұрғали Нүсіпжанов Бесбаевтың «AspanFM» радиосында қонақта болып, оған ақ батасын берді.

Үлкен бейбіт шаруа бастап жатырсың. Осы көк аспаның аман болсын, осы көк аспаныңның қызығын көруге, марапатын алуға Алла нәсіп етсін. Қай жерде жүрсек те, сенің сөзіңді сөйлеуге, шығарып жатқан дүниеңе ой-пікірімізді қосуға дайынбыз, деді Нүсіпжанов.

Мейрамбек Бесбаев бұл кездесуден Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, жазба қалдырды.

Бүгін «AspanFM» радиосына қазақ ән өнерінің атасы, дархан даламызды тамаша дауысымен тербеп жүрген Нұрғали көкеміз келді. 88-ге келген жасында тынбай еңбек етіп, ұлылардан арқалап қалған аманатқа адалдық танытып келеді. 70 жыл бойы сахнаның сәні болып жүру екінің біріне бұйырмайтын бақ. Өнерге берері мол ақсақалдардың алдымызда аман жүргені бір ғанибет. Батасын беріп бақытымызды тілеп жүрген Нұрғали көкем аман болсын! деп жазды ол.

Фото: Instagram/m_besbaev 

Байланысты жаналықтар

Мейрамбек Бесбаев жаңа бағытқа бет бұрмақ

27.03.2025

Мейрамбек Бесбаевқа қымбат домбыра сыйға берілді

03.03.2025

«51 жыл сырлас болдым»: Нұрғали Нүсіпжанов Нұрғиса Тілендиевке арнап әсерлі жазба жариялады

22.01.2025

88 жасқа толған Нұрғали Нүсіпжанов Еңбек ері атағын ала алмай жүр

06.01.2025

Нұрғали Нүсіпжанов аурухана жатып, Асанәлі Әшімов екеуі туралы әсерлі жазба жариялады

06.12.2024

Мейрамбек Бесбаев Raim-ның өнеріне баға берді

05.11.2024
MalimBlocks
Мейрамбек Бесбаев жаңа бағытқа бет бұрмақ

Өнер иесі оқырмандарынан кеңес сұрады

Мейрамбек Бесбаевқа қымбат домбыра сыйға берілді

Музыкалық инструментті композитор Сәкен Тұрысбеков табыстады.

«51 жыл сырлас болдым»: Нұрғали Нүсіпжанов Нұрғиса Тілендиевке арнап әсерлі жазба жариялады

Өнер иесі композитордың өзін еркелетіп, «Нұрғаш» деп атағанын еске алды

88 жасқа толған Нұрғали Нүсіпжанов Еңбек ері атағын ала алмай жүр

2 жылдан соң 90 жылдығын тойлайтын аңыз әншіні көпшілік құттықтап жатыр

Нұрғали Нүсіпжанов аурухана жатып, Асанәлі Әшімов екеуі туралы әсерлі жазба жариялады

Өнер иесі қазақ руханиятына үлес қосу үшін үлкен миссиямен дүниеге келгенін айтады

Мейрамбек Бесбаев Raim-ның өнеріне баға берді

Екеуі Алматыдағы концертте дуэт орындаған.