Мейрамбек Бесбаевқа қымбат домбыра сыйға берілді

Музыкалық инструментті композитор Сәкен Тұрысбеков табыстады.

Сабина Асқарқызы

  • 03.03.2025

Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев әйгілі шебер Эммануил Романенконың домбырасын сыйға алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оған қасиетті домбыраны белгілі композитор Сәкен Тұрысбеков табыстады.

Иә, күйдің құдіреті сөзге сыймайды. Сол құдіретті тудыратын адамның да деңгей-дәрежесін сөзбен жеткізу оңай болмаса керек. Содан болар Секен көкеме жыр арнаған Есағам осылай деген екен. Мен не дей алам… Ес білгелі осы жасқа дейінгі арман еткен киелі аспапты қолыма ұстата салғандағы жай-күйімді сөзбен жеткізе алмаспын. Секен ағамның алғаусыз ақ ниетінің арқасында әйгілі Романенконың төл туындысы енді менде де бар. Қазақтың маңдайалды шеберлері жасаған домбыраларымның қатарына әйгілі шебердің домбырасы қосылды, деп жазды әнші. 

Өнер иесінің сөзінше, кезінде осы аспапқа қолы да қаржысы да жетпеген көрінеді. 

Кезінде осындай домбыраға өзім құрметтейтін бір «абыз ағам» бес үйір жылқы сұрап меселімді қайтарған еді. Лайықты-ақ бағасына іздеп таба алмай келе жатқаныма қанша жылдар болды десеңізші?! Міне, енді Секен көкем батасын қосып беріп, ақ домбыраны сыйлай салды. Мені домбыраның қадір-қасиетін біледі деп сенгеніңіз үшін, осы аспапты ұстауға лайықты деп білгеніңіз үшін өзіңізге тағы да басымды идім, Ақ көке. Көңілімді толқытып, жаз-жайлаудағы ақ жауындай тағы бір шексіз сезім-қуанышқа бөлегеніңіз үшін мың алғыс. Бізді өнердегі сіздердің салмақты да салихалы жолдарыңыздан Құдай айныта көрмесін. Бәріне мың тәубе! деп жазды эстрада жұлдызы. 

Фото: Видеодан алынған кадр

Байланысты жаналықтар

Домбыра құлағында ойнайтын Чили азаматшасы желідегілерді тәнті етті

30.03.2025

Мейрамбек Бесбаев жаңа бағытқа бет бұрмақ

27.03.2025

Нұрғали Нүсіпжанов Мейрамбек Бесбаевқа бата берді

15.01.2025

Мейрамбек Бесбаев Raim-ның өнеріне баға берді

05.11.2024

Мөлдір Әуелбекованың домбырада ойнағаны көпшілікті тамсандырды

01.11.2024

Мейрамбек Бесбаев денсаулығына байланысты Түркияға кетті

03.09.2024
MalimBlocks
Домбыра құлағында ойнайтын Чили азаматшасы желідегілерді тәнті етті

Ол Димаштың жанкүйері екенін айтты

Мейрамбек Бесбаев жаңа бағытқа бет бұрмақ

Өнер иесі оқырмандарынан кеңес сұрады

Нұрғали Нүсіпжанов Мейрамбек Бесбаевқа бата берді

Аңыз әнші ізбасары ашқан радиода қонақ болған.

Мейрамбек Бесбаев Raim-ның өнеріне баға берді

Екеуі Алматыдағы концертте дуэт орындаған.

Мөлдір Әуелбекованың домбырада ойнағаны көпшілікті тамсандырды

Оқырмандарының арасында әншінің бұл өнерінен хабарсыз адамдар бар екен.

Мейрамбек Бесбаев денсаулығына байланысты Түркияға кетті

Өнер иесі профилактикалық тексерістен өтіп, дәрігер бақылауында болатынын айтты.