Домбыра құлағында ойнайтын Чили азаматшасы желідегілерді тәнті етті

Ол Димаштың жанкүйері екенін айтты

Сұлу Бөлек

  • 30.03.2025

Домбыраның құлағында ойнайтын Чили азаматшасы желідегілерді тәнті етті, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Қазақтың қара домбырасының үні сонау Чили елінен шығып жатыр. Күйді күмбірлетіп отырған Андреа – Сантьяго қаласының тұрғыны. Қос ішекті аспапқа Димаштың өнерін көргеннен кейін қызыққан.

"Димаштың өнерімен таныс болған соң, домбыра шертуді үйрендім!"- дейді ол. 

 Осылай деген Чилилік Андреа Луенго, қос ішекті аспапты меңгеріп, қазақ мәдениетін зерттеп-зерделеп жүр. Арманы – қазақ тілін үйрену, Димашпен кездесу. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы қолөнер шебері Нұрбек Әділбековтің шеберханасынан шыққан домбыраны тапсырыспен Чилиге алдырған Мария есімді домбырамен жылап қауышқан еді. 

"Жарты жыл бұрын алыстағы Чили елінен Мария ханым бізбен байланысып, домбыра алғысы келетінін айтқан еді. Көп ұзамай оның таңдауы біздің аққудай ақ домбырамызға түсті. Бір көргеннен ғашық болғандай әсер қалдырған бұл домбыра оған ерекше ұнап, біз оны үлкен сүйіспеншілікпен дайындап, салып жібердік. Арада айлар өтіп, ақ домбырамыз аман-есен өз иесіне жетті. Сол сәтте Мария ханымның домбырамен қауышқан кезіндегі эмоциясы бәрімізді ерекше әсерге бөледі. Оның ұлттық аспапқа деген шексіз махаббатын сөзбен жеткізу қиын, оны тек көзбен көріп, жүрекпен сезу керек", - деп жазды Нұрбек шебер.

Бұдан кейін Мария ханым шеберханаға тағы да ерекше тапсырыс берген екен. 

Фото: Видеодан алынған кадр

Байланысты жаналықтар

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Димаш Құдайбергеннің қарындасы болашақ күйеуінің суретін көрсетті

01.05.2025

Димаш Құдайбергеннің қарындасына құда түсті

27.04.2025

Димаш Құдайбергеннің командасы халыққа ескерту жасады

25.04.2025

Димаштан басқа Қазақстанды әлемге кім танытады? Министрдің жауабы

24.04.2025

Димаш Құдайбергеннің қарындасы желі қолданушыларын тәнті етті

21.04.2025
MalimBlocks
Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Димаш Құдайбергеннің қарындасы болашақ күйеуінің суретін көрсетті

Раушан Құдайбергеннің таңдауы актер жігітке түскен

Димаш Құдайбергеннің қарындасына құда түсті

Димаш Құдайбергеннің командасы халыққа ескерту жасады

Әншінің атынан жалған ақпарат таралған

Димаштан басқа Қазақстанды әлемге кім танытады? Министрдің жауабы

Министрдің айтуынша, ол – жас опера әншісі Айгерім Алтынбек

Димаш Құдайбергеннің қарындасы желі қолданушыларын тәнті етті

Раушанның образына тәнті болған желі қолданушылары түрлі пікірлер қалдырды