Қызын ұзатқан әнші Мирас Бекжанов көзіне жас алды

Қызын ұзатқан әнші Мирас пен Құралайдың қуанышына барша қазақ елі ортақтасты, деп хабарлайды Malim.kz.
Ұзату рәсімінде көзіне жас алған әкенің видеосына қарап, барша әйелдер қауымы өздерінің асқар тауларын есіне алды.
Ал өнер иелері бауыр етің балаңды жат жұртқа табыстаудың қиын екенін алға тартты.
Қалай айтсақ та, қыз беру оңай емес екен, ағайын… Өзіміз талай ұзату тойларға қатысып жүрсек те, өзің мәпелеп өсірген бауыр етің балаңды алтын ұясынан құтты қиясына шығарып салу сәтіндегі жүрек тебіренісін айтып жеткізу мумкін емес… Ақ ниетпен аттаған ақ босағаң бақ-берекелі, несібелі болсын! Наурызбек-Кәмшат, қосағыңмен қоса ағарыңдар, құлындарым! деп жазды жұлдызды жұп.
Фото: Видеодан алынған кадр

Самое читаемое
