Танымал актриса қызының шетелдікке тұрмысқа шыққанын айтты
Актриса қызының таңдауына қарсы болғанын атап өтті

Танымал актриса Гүлмира Жакилина өз қызының басқа ұлтқа ұзатылғанын ашық айтты. Бұл туралы өнер иесі журналист Әйкерім Сейфолламен сұхбатында әңгімелеп берді, деп хабарлайды Malim.kz.
Гүлмираның сөзінше, алғашқыда қызының басқа ұлтқа тұрмысқа шығуы оған қиындық туғызған. Ол бірден ақ батасын бере алмай, көп ойланатынын айтты:
«Маған бастапқыда өте қиын болды. «Қалай?» деп біраз уақыт ойландым. «Неге осылай жасады? Бізде қазақтың балалары көп қой» деп ойладым. Бірақ кейін жолдасым маған: «Егер қызың осы жігітке тұрмысқа шықпаса, өмір бойы өкініп қалуың мүмкін. Сен оны түсін, махаббат ұлтта емес, екеуінің арасындағы сезімде» деді. Ол кезде анам тірі болатын, мен оған айттым. Анам басында үндемей, кейін: «Балам, ең бастысы — балаңның бақытты болуы. Балаң бақытты болса, жүрегің тыныш болады» деді. Содан соң қызыма «жарайды» деп ақ батамды бердім», — деді актриса.
Сонымен қатар, Гүлмира Жакилина күйеу баласының ислам дінін қабылдағанын да айтып өтті:
«Күйеу балам мұсылман болды, қазір маған «мама» деп айтады. Мен «балам» деп атаймын, қазір қазақша үйреніп жүр. Олар Литвада тұрады, екеуі сол жерде жұмыс істейді. Телефонмен сөйлескенде «мама, сәлеметсіз бе! Папа, Ассалаумағалейкум» деп амандасады. «Неге бауыр, неге бауырсақ?» деп бәрін сұрайды. Құранды алып, оны оқып жүр. Біз жазда барып, қызыма «мама» деп бақытты болып жүргенін көрдік. Елтайға «осыдан артық не керек?» деп айтамын. Құдағымен өте жақсымын, екеуміз жақсы құрбымыз. Құдалыққа келгенде бәрі маған ұқсайтынын айтты. Көңілді, жадырап жүретін адам», — деп сөзін аяқтады.
Фото: Астана әкімдігі
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
