Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова оқыс жағдайға тап болды

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, әуежайда продюсерді арнайы шақырып, шабаданын тексерген

Сабина Асқарқызы

  • 08.01.2025

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова елорда әуежайында келеңсіз жағдайға тап болып, ұшақтан қала жаздаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, әуежайда ұшақ ұшпас бұрын продюсерді арнайы шақырып, шабаданын тексерген. 

Бүкіл әуежайды басына көтеріп, менің аты-жөнімді айтып айқайламасы бар ма радио рубрикаларымен. Келіңіз деп ұшақ жай қызметкерлері. Тура ұшар алдында. Жүгіріп барсам, тура бір қылмыскерді күтіп тұрғандай бір представитель бала тұр. Жүріңіз деп екінші қабаттан бірінші қабатқа түсіп, одан чемодандарды күтіп алатын жерге тепкішекпен түстік. Бір үлкен чемоданды көрсетіп «мынаның үшінде екі үлкен баклажкада не бар» деді. «Құрысын бұл менікі емес» десем, «сіздің аты-жөніңіз жазылған» деді, деп жазды продюсер. 

Белгілі болғандай әуежай қызметкерлері продюсердің жүгін ауыстырып алған. Ал ішіне белгісіз заттар салынған жүк басқа жолаушыныңкі болып шыққан.

«Мені бекерге ұшқалы тұрған ұшағымнан қалдырасыңдар, жүріңдер регистрация жасаған қызға» деп жүгіріп, ала өкпе болып, алып келдім. Аллаға шүкір екі чемоданым да олардың есінде қалыпты. «Иә, бұл кісінікі емес» деп мойындап, қайта жүгіріп, ең соңы болып, ұшағыма әрең дегенде қайта мініп үлгердім. Абайламасаңыз, олар да жаңылыс қағазын іле салады екен, деп жазды Гүлзира Айдарбекова. 

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

15.04.2025

Құдағиы мен құрбыларын ерткен Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамда қарсы алды

14.04.2025

Жезқазған әуежайында туристік ақпараттық алаң ашылып жатыр

10.04.2025

Алматы әуежайындағы оқиға: Сот істі қайтарды

09.04.2025

Алматы әуежайындағы кепілге алынған қыз сот залында жылап қалды

07.04.2025

Алматыда әуежай қызметкерін кепілге алу ісіне қатысты сот отырысы басталды

07.04.2025
MalimBlocks
Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

Құдағиы мен құрбыларын ерткен Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамда қарсы алды

Жезқазған әуежайында туристік ақпараттық алаң ашылып жатыр

Жезқазған әуежайында туристік ақпараттық алаң ашу жұмыстары басталды

Алматы әуежайындағы оқиға: Сот істі қайтарды

Алматы әуежайындағы кепілге алынған қыз сот залында жылап қалды

Алматы әуежайының қызметкерін биыл наурызда 67 жастағы ер адам кепілге алған еді. Бұл оқиғаға байланысты зардап шеккен әйел сотта қатты толқып, жылап қалды,

Алматыда әуежай қызметкерін кепілге алу ісіне қатысты сот отырысы басталды

Бүгін Алматыда әуежай қызметкерін кепілге алған ер адамның ісі бойынша сот отырысы басталды