«Халықты мазақ еткені». Заңгер әнші Абай Бегейдің отбасын заңсыз лотерея ұйымдастырды деп айыптады

Маман жұлдызды отбасының тоқтайтын түрі жоқ деп отыр.

Сабина Асқарқызы

  • 01.07.2024

«Алаяқ.нет» жобасының жетекшісі, заңгер Нұрсұлтан Орынбеков танымал әнші Абай Бегейдің қызын заңсыз лоторея ұйымдастырды деп айыптап отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Заңгердің сөзінше, блогердің лотерея ұйымдастыруы бойынша тиісті құзырлы органдарға арыз жолданған.

«Еркенің еркелігін қара халық көтере береме екен?! Бұл бойжеткеннің заңсыз лотерея ұйымдастыруы бойынша тиісті құзырлы органдарға арызы жолданды. Жақында шақыртуы жетіп қалады. Біріншіден, бұл заңға қайшы. Екіншіден моральдық тұрғыда ұят болу керек. “100-200 теңге жерге де түсіп қалып жатыр” деп елді алдау – өте төмен тірлік. Мыңдаған адам ақша аударған жерде арнайы автоматтандырылған жүйе болмаған соң, берекетсіз дүние орын алып жатыр екен. 1000 адам қатысып 5 адамға ұтыс беру – таза алдау», - дейді заңгер.

Маман блогерге бірнеше рет ескерту жасағанына қарамастан, жұлдызды отбасының тоқтайтын түрі жоқ деп отыр.

«Оған қоса, бұл құйтырқылықты қайырымдылықпен жабу қаншалықты иман шартына сай?! Бұл жолда ары таза ұстаздарды контентке пайдалану қаншалықты дұрыс? Бұл ескертуге құлақ аспаса мәселені экономикалық қылмыстармен айналысатын құзырлы органдар мен салық қызметіне жолдайтын боламыз. Әзірге 100МРП айыппұл төлеп қоя салғандарыңыз дұрыс», - дейді ол.

Сонымен қатар блогердің әкесі, танымал әнші Абай Бегейге де ескерту жасады. 

«Ұялмайтын бетке, талмайтын жақ береді деген. Ерегесіп тағы да жарнама жасап жатқандары мені емес, халықты мазақ еткені. Халықпен ойнамаңыздар!Абай мырза, қажылық пен қайырымдылықпен ақтап аламыз деп ойлайсыздар ма?», – деп күйінді заң саласының маманы. 

Фото: Әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды