«Жалғыздығын сездім». Тамара Асар Назарбаевпен кездескенде неге жылағанын айтты
Әнші тұңғыш президентпен өткен кездесуді еске алды.
Танымал әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тамара Асар осыдан бірнеше жыл бұрын Ақордада Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу кезінде неліктен жылағанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы ол DIN DINA SHOW бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті.
Тамара Асар 2017 жылы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелдер қауымы өкілдерімен өткізген «Көктем шуағы» атты кездесуінде неліктен көз жасына ерік бергені жайлы әңгімелеп берді. Оның сөзінше, ол Назарбаевтың көзінен «жалғыздықты сезген».
Нұрсұлтан Әбішұлы ана туралы өлең оқыды. Бәріміздің ойымызға анамыз келді. Мен анамды өте қатты жақсы көремін. Сырласамын. Маған тұжырымдап сөз айтатын. Әкем өте қатты еркелетіп өсірді. Ал анам үнемі тоқтау қойып отыратын. Ол кездесуде жылағанымның себебі - ол кісінің жалғыздығын сездім. Біз емес, бірінші еңкілдеп, ол кісі (Назарбаев - ред.) жылады ғой. Содан кейін соған қарап біз де жыладық. Видеода ол кісінің көз жасына ерік бергенін қиып тастап, бізді қалдырған. Ол ана туралы айтып отырды. Көзінің жасы пора болып аққан кезде, біз де қосылып жыладық. Ол кісінің жалғыздығы көрініп тұрды, - деді Дина Төлепбергенге берген жауабында.
Фото: Видеодан алынған кадр