«Жоқ деп айтып көрмеген»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың балаларына қалай көмектесетінін алға тартты

Қайрат Нұртас темір тордың ар жағында отырып та балаларына көмек көрсеткен.

Сабина Асқарқызы

  • 19.07.2024

Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері әртістің баласымен түскен видеосын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Гүлзира Айдарбекова ұлының бостандыққа шығуын күн санап күтіп жүргенін айтты. Ол балалар да әкесін ерекше сағынды дегенді алға тартты. Продюсердің сөзіне қарағанда, әнші абақтыда отырып та балаларына қолдау көрсетіп жүр.

Сезім мен Алау (Қайрат Нұртастың қыздары – редакция) қыздарым әкесін уайымдап, «апа, біз әкемізді қатты-қатты жақсы көреміз» деп хабарласып әлек. Алла бұйыртса, әне-міне деп сағат санап отырмыз. Бала-шағасына не десе де, жоқ деп айтып көрген кезі болмаған шығар, қашан да армандарын орындау бар мақсаты. Кім қай жақты қалады, бірі Барселонаға, бірі Кореяға, бірі Америкаға – бәрінің арманын орындап, түгел білгендей төлемдерін жасап кетсе де, ана жақта отырса да, не сұраса да салып отырсыншы деп, бала-шағам қиналып қалмасын деп, адвокаты арқылы жеткізіп, уайыдаумен отырды. Бір жаққа барамын не аламын десе, мен де бала-шағама жоқ деп айта алмаушы едім, Алла кейде сол пейіліне беріп жатқан шығар деп қоямын. Жүрегімізден мейірім кетпесін.

Айдарбекова ұлын қатты уайымдағанда, ол анасына не деп басу айтатынын есіне алды.

Қайрат түнімен ұйықтамай уайымдап отырған мені көріп, «анашым, мені қатты жақсы көрмеңізші» дейтін. Қашан да түзде жүрген соң уайымсыз күнім болмайды ғой. Бірақ та жүрегіңе Алланы салып, сол Аллаға амандығын тапсыруымыз керек екенін біліп тұрып, қатты жақсы көретінімізді байқамай қаламыз. Ана баласын қатты жақсы көрсе, сол баласымен сынайды, ал ұл-қыздарың өмірлік жарын қатты жақсы көрсе, сүйіктісімен сынайды деген. Қандай сынақ берсе де, жеңілдігімен берсін деп тілейік! Алла бұйыртса, құлынымның құлыншақтары шексіз қуанатын күндері көп болсын! – деді ол.

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген