freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

СІМ АҚШ-та алаяқтықпен ұсталған екі жігіт туралы ақпарат берді

Құқық
СІМ АҚШ-та алаяқтықпен ұсталған екі жігіт туралы ақпарат берді
АҚШ округтік соты

СІМ АҚШ-та алаяқтықпен ұсталған қазақстандықтарға қатысты тың дерек берді, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

Министрліктің мәлімдеуінше, Қазақстанның АҚШ-тағы мекемелері аталған азаматтардың туыстарымен тұрақты байланыста.

«Олардың туыстары адвокаттардың ұстанымына және тергеу мүдделеріне сілтеме жасай отырып, істің мән-жайына қатысты ақпаратты жария етпеу туралы өтініш білдіргеніне назар аударамыз. Сонымен қатар қылмыстық іс бойынша қарастырылатын жаза іс материалдары жан-жақты қаралғаннан кейін, заңнамаға сәйкес жергілікті сот шешетін болады», - делінген редакция сауалына берілген ресми жауапта.

Еске салсақ, ақпан айында екі Қазақстан азаматы Ануар Абдрахманов пен Таир Смағұл медициналық сақтандыру саласында ірі алаяқтық қылмыс жасады деген күдікке ілініп, ұсталған еді. Тергеу мәліметтеріне сай, олар мемлекетті 1 миллиард доллардан астам шығынға ұшыратқан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу