Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

СІМ: Шымкентке Ауған босқындары келген жоқ

Саясат
СІМ: Шымкентке Ауған босқындары келген жоқ

ҚР Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанда болып жатқан жағдайға баланысты әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады. Онда ведомства Whats App желісінде тараған «Шымкент қаласына Ауған босқындары жеткізілуде» деген ақпаратты терістеді.

«Қазіргі уақытта тарап жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», - делінген мәлімдемеде.

Бұған дейін әлеуметтік желіде «Қазақстанға Ауғанстаннан 70 мың босқын жеткізілмек. 500 адам Шымкентке келді. 1500 адам жақын күндері жеткізіледі»  деген сарындағы ақпараттар тараған.

Бұның алдында бірқатар БАҚ АҚШ-тың Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанға 9 мың Ауған босқынын қабылдауды ұсынғандығы жөнінде ақпарат тараған. Бұл қоғамда қызу талқыланған.

АҚШ Ауғанстан аумағынан әскерін шығарғаннан кейін елде Талибан қозғалысы қайтадан бас көтерген. Тамыздың 16-ы күні ел  астанасы Кабул қаласы Талибанның бақылауына өтіп, қозғалыс Ауғаныстан билікгін толықтай өз қолына алғанын мәлімдеген. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу