2023 жылы астана толық газдандырылады

  • 06.10.2021

Елорданы газдандыру 2023 жылы аяқталуы тиіс. Жобаның іске асырылуы және газ тарату желілерінің құрылысы бойынша ағымдағы жұмыстар туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Хабар телеарнасына берген сұхбатында айқанын хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

2020 жылы елордада жеке секторда 370 шақырым инженерлік газ тарату желісі салынды. Биыл Үкімет 317 шақырым газ тарату желісін аяқтауды жоспарлап отыр. 

"Қазіргі таңда біз 645 шақырым газ тарату желісін салдық. Бұл Алматы және Сарыарқа аудандарында. Өздеріңіз білесіздер, жеке секторлар — "Көктал", "Көктал-1", "Көктал-2" және агроқалашық. Онда 150 мыңнан астам адам тұрады. Алматы ауданында: оңтүстік-шығыс - оң жағы, сол жағы, одан әрі Железнодорожный, Күйгенжар, Интернациональный ауылдары өтеді. Бұл елді мекендердің барлығы яғни, жеке сектор жəне тұрғын үй массивтері біздің шет аймақтар деп аталады. Қазір инженерлік желілер белсенді түрде жеткізілуде. Яғни, біз газға қолжетімділікті қамтамасыз етеміз, сонымен қатар әрбір үйге газды жеткізумен айналысамыз. Сарыарқа ауданында 500-ден астам адам газға қосылды, олар дəн риза", - деді Алтай Көлгінов. 

Газға көшу экологиялық жағдайды жақсартуға белгілі бір үміт береді. Тарифке келетін болсақ, қала басшысы қазіргі уақытта оның неге төмендегенін айтты.   

Айта кету керек, елорданы газдандыру мемлекет басшысының бақылауында тұрған маңызды тарихи жоба болып табылады. Газдандыру барысы мемлекет басшысының бақылауында.

 

Байланысты жаналықтар

Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

27.03.2024

БҚО әкімінің экс-орынбасары Балтаев жемқорлықпен ұсталды  

08.08.2023

А.Көлгінов: Өз кәсібін ашқысы келетіндерге 50 млрд теңге бөлінді

23.12.2022

Көлгінов көш басында. Қазақстанның ең лас қалалары

05.10.2022

Цой отставкаға кетсін – наразы топ

25.10.2021

Жаңатас Көлгіновтің отшашуын қайталады

12.07.2021
MalimBlocks
Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

БҚО әкімінің экс-орынбасары Балтаев жемқорлықпен ұсталды  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады.

А.Көлгінов: Өз кәсібін ашқысы келетіндерге 50 млрд теңге бөлінді

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасы елге кең көлемде  таратылатын болады.

Көлгінов көш басында. Қазақстанның ең лас қалалары

Бір апталық зерттеу аясында ауасы ең таза қалалар тізімі де жасалды.

Цой отставкаға кетсін – наразы топ

Еңбек министрлігі алдында он шақты адам шерулетіп, мүгедектік бойынша берілетін жәрдемақыны екі есе артыруды талап етуде. Бұл туралы Malim.kz тілшісі хабарлайды.

Жаңатас Көлгіновтің отшашуын қайталады