Әкелі-қызды атып өлтірген әскери 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Талдықорғанда Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан отбасының өліміне байланысты сотта жарыссөз болды.

Прокурор «билікті асыра пайдаланды» деп айыптаған Алматы облысындағы 18 404 әскери бөлімінің қызметкері, қатардағы жауынгер Данияр Егембаевты 7 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады,- деп хабарлайды құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина. Соттың үкімі 26 маусымға дейін шығуы тиіс.
8 қаңтарда 2022 жылы Нұрболат Сейітқұлов пен Алтынай Етаева және олардың 15 жастағы қыздары Нұрай Оразыхан Талдықорған қаласында кешкі тоғыздар шамасында жеке көліктерімен кетіп бара жатқанда арнайы жасақтың оғынан қайтыс болған.
Сот Алматы гарнизонының әскери сотында өтіп жатыр.